1 маусымнан бастап елімізде теміржол вокзалдарының қызметі жанданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 маусымнан бастап елімізде теміржол вокзалдарының қызметі жанданады

25.05.2020

1 маусымнан елімізде теміржол вокзалдарының қызметі жанданады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық еткен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Келесі айдан бастап қатаң санитариялық нормаларды сақтай отырып, Қазақстан кәсіподақтар федерациясының қонақ үйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру объектілері іске қосылады. Сонымен қатар, шетелден Қазақстан азаматтарын қайтару жұмысы жалғасады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу