«Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызы 3 маусымнан бастап жүреді

23.05.2014
«Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызы 3 маусымнан бастап жүреді
3 маусымнан бастап, жазғы маусымға «Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
«Жазғы демалыс маусымында жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты«Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы 2014 жылғы 3 маусымнан бастап, жазғы маусымға №483/484 «Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызын жіберуді жоспарлап отыр», - делінген хабарламада. 
 
Аталмыш пойыз жазғы маусымда аптасына екі мәрте, Астанадан сейсенбі мен сенбі күндері 3 маусым мен 30 тамыз аралығында аттанып, Адлерге жұма-сейсенбі күндері 6 маусым мен 2 қыркүйек аралығында келеді.
 
Адлерден сенбі және сәрсенбі күндері 7 маусым мен 3 қыркүйек аралығында жүріп, Астанаға сейсенбі мен сенбі күндері 10 маусым мен 6 қыркүйек аралығында келеді. 

Пойыз құрамдарында «Қостанай-Адлер», «Павлодар-Адлер» және «Қарағанды-Адлер» бағытындағы ауысымсыз вагондары да бар.
 
Сондай-ақ, «Қарағанды-Мәскеу» бағытындағы №83/84 жүрдек халықаралық пойызы жыл бойына күн сайын жүретін болады. 

Тағы бір айта кетерлігі, «Ресей темір жолдары» ААҚ-на  тиесілі №391/392 «Барнаул-Лениногорск»пойызының маршрутына өзгеріс енгізіліп, «Томск-Лениногорск» бағытында қатынай бастайды. 

Туындаған сұрақтар бойынша теміржол вокзалдарының анықтама бөлімдеріне  немесе 105 бірегей анықтама қызметіне хабарласуға болады.

Хабарламаларға жазылу