Жолаушыларды шығарып салатын адамдарға вокзалға кіруге рұқсат етіледі

09.06.2020
Жолаушыларды шығарып салатын адамдарға вокзалға кіруге рұқсат етіледі

Жолаушыларды шығарып салатын адамдарға вокзалға кіруге рұқсат етіледі

Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

«Теміржол вокзалының ғимаратына шығарып салушыларды кіргізбеу туралы талап алынып тасталды. Оларға 10 маусымнан бастап рұқсат етіледі», - деді ол.

Әйтсе де әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, маска киіп жүру, вагондар арасында жолаушылардың жүріп-тұруын шектеу сынды талаптар әлі де сақталады.

Сондай-ақ ертеңнен бастап пойыздардағы вагон-мейрамханалардың қызметі қайта жанданады. Олар жолаушылардың алдын ала берген тапсырысын жеткізу әдісі бойынша жұмыс істейді.


Хабарламаларға жазылу