Темір жол вокзалдарына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темір жол вокзалдарына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі

14.05.2020

Темір жол вокзалдарына тек билеті барлар ғана кіргізіледі. Шығарып салушылардың ғимаратқа кіруіне рұқсат жоқ. Көліктегі бас мемлекеттік санитар Сәдуақас Байғабылов осылай деп мәлімдеді. Санитарлық-карантиндік шараларды атаған ол барлық адамдардың маска тағуы міндетті екеніне тоқталды. Ғимаратқа кірер алдында жолаушылардың дене қызуы тексеріледі. Егер қауіп байқалса шұғыл ауруханаға жеткізіліп тексеруден өтеді. Сапар барысында арақашық сақталуы тиіс. Вагондар арасында жүруге тиым салынады. Ал пойыздар мен бекеттерде антисептиктер болуы міндетті. Айта кетейік, елімізде 1 маусымнан бастап теміржол қатынасы жанданады.

Шерхан ЖАМБЫЛ


Хабарламаларға жазылу