Еліміздің бірқатар өңірлерінде карантин талаптары жеңілдеді

18.05.2020

Еліміздің бірнеше аймағында бүгіннен бастап карантин режиміне жеңілдіктер енгізілді. Мысалы, Қостанайда тұрғындар үйінен көшеге еркін шыға алады. Бірақ 2 және одан көп адам бірге жүрсе бетперде тағу міндетті.

Ал Алматы облысында аудандар мен қалалар арасындағы блок бекеттер алынып тасталды.

Маңғыстауда да қоғамдық көлік жүріп, базарлар жұмыс істей бастады. Тұрғындарға саябақта, теңіз жағалауында серуендеуге, ашық спорт алаңдарында, стадиондарда жаттығуға рұқсат берілді.

Ақмола облысында да блок-бекеттердің көпшілігі алынып тасталды. Тек Нұр-Сұлтан қаласы мен Целиноград ауданының ауылдары арасында жүріп-тұруға болмайды. Себебі, бұл өңір әлі де індет ошағы болып тұр.

Ақтөбе облысында болса керсінше, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейіп, блок бекеттердегі бақылау күшейтілді. Балабақша жұмысы кейінге шегерілді. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға, үйге қонақ шақыруға, көп адам қатысатын діни-дәстүрлік рәсімдер өткізуге тыйым салынды.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу