Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан коронавирус анықталды

12.05.2020

Бүгін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан коронавирус анықталды. Бұған дейін үкімет басшысы Михаил Мишустин де індет құрығына іліккен еді. Жалпы Ресей коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша әлемде АҚШ-тан кейін екінші орынға шықты. Індетке шалдыққандардың қатары 230 мыңнан асып кетті. Дегенмен, көрші мемлекетте бүгіннен бастап демалыс апталары аяқталды.

 Иә, бүгіннен бастап Ресейде демалыс апталары аяқталды.

 Барлық кәсіпорындар, сауда орталықтары, шаштараз,тамақтану орындары біртіндеп жұмыс істей бастайды. Алты апта бойы Ресей тұрғындары үйде отырғанмен, нәтиже көңіл көншітпеді. Науқастары саны 230 мың адамға жуықтады. Ел экономикасы әлсіреп кетті.Кәсіпкерлердің жартысына жуығы өзін-өзі банкрот деп жариялады. Сондықтан демалыс апталарын тоқтатуға тура келді. Бірақ алпыс бес жастан асқандар мен асқынған ауруы бар азаматтарға үйден шығуға рұқсат жоқ, сонымен қатар медициналық маска тағу барлық тұрғындарға міндеттелді. Көпшілік жиналатын шаралар да әзірге өтпейді.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу