Ресей билігі шпиондық іске қатысты Ұлыбританияның позициясын негізсіз деп атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей билігі шпиондық іске қатысты Ұлыбританияның позициясын негізсіз деп атады

15.03.2018

Ресей билігі шпиондық іске қатысты Ұлыбританияның позициясын негізсіз деп атады және осыған орай  таяу арада тиісті шара қолданатынын ескертті. Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, бұрынғы тыңшы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның улануына Мәскеудің ешқандай қатысы жоқ, дәлел де табылмаған.

Осыған дейін британ үкіметі 23 ресейлік дипломат корольдік аумағынан бір аптаның ішінде шығарылатынын мәлімдеген болатын. Өйткені, Лондонның пікірінше, Британияда тұратын Скрипаль мен Юлияны Ресейдің арнаулы қызметі «новичок» деген химиялық элементпен улаған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу