Ресей күштері Лиман қаласын бақылауына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей күштері Лиман қаласын бақылауына алды

27.05.2022

Ресей күштері Лиман қаласын бақылауына алды. Мұны Украинаның ресми өкілдері растап отыр. Ал Северодонецк маңында киян-кескі ұрыс жалғасуда.

Қала мэрінің сөзінше, тұрғын үйлердің 60, жалпы ғимараттардың 90 пайызы толықтай қираған. Днепро-Петровск облысына жасалған шабуылдан Украина ұлттық гвардиясының 10 сарбазы қаза тауып, 35-і жараланды. Харковь облысы аумағында да шайқас жүріп жатыр. Ресей әскері Изюм бағытында шабуылды күшейтпек. Украина президенті Владимир Зеленский "Владимир Путинмен бейбіт келіссөз өткізуге құлшыныс жоқ, алайда жүргізуге тура келеді" деп мәлімдеді.

Кремль өз кезегінде келіссөздердің тоқтауына Киевті айыптады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: "Украина жетекшісі үнемі қарама-қайшы мәлімдемелер жасайды, бұл олардың нені қалайтынын толық түсінуге кедергі", - деп мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу