Басты Жаңалықтар Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталды

Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталды

Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталды. Десе де індет өршіп тұрған өңірлерде карантин жалғаса береді. Бүгін мемлекеттік комиссияның қорытынды жиынын өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатынын айтты. Сондай-ақ, елімізді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жеті бағытты да айқындап берді.

Яғни блок-бекеттер бірден алына салмайды. Барлығы коронавирустың таралуына байланысты. Азайған сайын, шектеулер алына береді. Соған қарамастан көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады. Қазірдің өзінде 1 миллионнан астам азамат жұмысқа шыққанын айтты Президент. Ендігі міндет - дағдарыстан шығу. Сондықтан Төтенше жағдай жөніндегі комиссия бұдан былай Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі комиссия болып қайта құрылмақ. Өйткені коронавирус әлемдік экономикаға ауыр соққы болды. Тіпті жер-жаһанда 400 миллионнан астам кәсіпорын бонкрот болудың алдында тұр. Еліміз бұған жол бермей, керісінше бизнесті қолдауы керек.

Жұртты қол жетімді баспанамен қамтуға да ерекше мән беріледі. Президент осы бағытта «7-20-25» секілді «5-10-20» деп аталатын жаңа тұрғын үй бағдарламасын құруды тапсырды. Оның шарттары әлдеқайда тиімді болмақ.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендердің мәселесіне де тоқталды. Айтуынша, күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңасы салынады.

  Досжан МАРАТҰЛЫ 


Бөлісу