Алматы облысында әскери ұшақ шассисіз қонды
Көкте сынып қалған әскери ұшақ жерге сәтті қонды. Əуе көлігі Алматы облысы Жетіген ауылының аэродромының территориясына қонған. Бортта үш адам, яғни экипаж командирі, көмекшісі және борт-инженер болған.
Кеше кешкісін жоспарлы тапсырманы орындау барысында ұшақтан техникалық ақау шыққан. Соған қарамастан төтенше жағдай кезінде кәсіби ұшқыштар әуе көлігін алдыңғы шассиінсіз жерге сәтті қондыра білді. Оған дейін ұшақтың мейлінше қауіпсіз қонуы үшін, ұшып-қону жолағына көбік шашылып, арнайы жұмыстар жүргізілді. Бұл уақытта әуежайға жедел жәрдем мен құтқарушылар да келіп үлгерген. Абыроай болғанда, олардың көмегі ешкімге керек болмады. Экипаж мүшелері дін аман.
Сәуле Алдамұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 10:26
Ақмола облысында үстел теннисінен ашық республикалық турнир өтті
20.08.2026, 10:15
Қызылордада оқушылар шекара заставасымен танысты
20.08.2026, 10:13
Түркі әлемінің археологтары бірыңғай цифрлық база құрады
20.08.2026, 10:12
Бүгіннен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
20.08.2026, 10:09
ЖИ бағытында даярланатын мамандардың саны артады
20.08.2026, 10:07
Қытайда гуманоид роботтар жол полициясына жәрдемдесіп жүр
20.08.2026, 10:05
Мәскеуде жанармай саудасына шектеу қойылды
20.08.2026, 10:04