Түркияда 11 мамырдан бастап шектеу шаралары жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда 11 мамырдан бастап шектеу шаралары жеңілдейді

06.05.2020

Түркияда сауда орталықтары, сұлулық салондары мен шаштараздар 11 мамырда ашылады. Бұл хабарды халыққа арнайы бейне үндеу жолдаған ел Президенті Режеп Тайып Ердоған айтты. Алайда адамдардың әлеуметтік қашықтық сақтауына қатаң мән берілуі тиіс. Сондай-ақ бір айдан бері жабық болған бірнеше қалааралық жол да келер дүйсенбі күні ашылмақ. Бұдан бөлек, бұған дейін көшеге шығуына тыйым салынған 20 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан адамдарға аптаның белгілі бір күні 4 сағатқа сыртқа шығуына рұқсат берілді. Ал Түркия экономикасының негізі саналатын туризм саласының қашан жұмысқа кірісетіні әзірге белгісіз.

Айдос ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу