Түркістан облысында вирус жұқтырған әйел аман- есен босанды

30.04.2020

Түркістан облысының Кентау қаласында коронавирус жұқтырған әйел босанды. Ал Атырауда 23 жастағы жүкті келіншек қауіпті індетті жеңіп шықса, Жамбылда кәмелетке толмаған 2 баладан вирус табылды. Сондай-ақ, Алматы облысындағы Жаркент қаласы мен Заречный ауылы карантинге жабылды.  

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 22 жастағы әйел аман- есен босанды. Ал Алматы облысында түзету мекемесінде вирус жұқтырды деп күдікке іліккен жүкті әйел, аман-есен босанды. Сәбиден инфекция анықталмады.

Індет Атыраудағы Теңіз мұнай кен орнын да тығырыққа тіреді. Алпауыт кәсіпорыннан 10 мыңнан астам қызметкер шығарылды. Вирустың құрығына іліккен 71 жұмысшының 12-сі жазылды.

Павлодар өңірі бойынша эпидемиялогиялық ахуал Екібастұзда ушығып барады. Жағдайды бақылаудан шығарып алған қаланың бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті.

Семей қаласында COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқастардың арасында 3 жасар бала бар.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу