Теңіз мұнай кен орнында карантин 12 маусымға дейін ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз мұнай кен орнында карантин 12 маусымға дейін ұзартылды

29.05.2020

Маңғыстау облысының Жетібай кен орнында мердігер мекеменің 25 жұмысшысынан вирус анықталды. Екі ауыл карантинге жабылған. Семейдегі тері-венерологиялық диспансерінде 19 емделуші мен 4 дәрігер коронавирусқа шалдықты. Ал Кентауда інжет жұқтырған әйел аман есен босанды. Сәби вирустан аман.

870-ке жұмысшысы вирусқа шалдыққан Теңіз мұнай кен орнында, карантин 12-ші маусымға дейін ұзартылды. Кәсіпорын аумағында шектеу шаралары әлі де күшейтілмек. Бүгін кеніштің тағы 19 жұмысшысынан вирус анықталды.  

Семейде бүгін вирус жұқтырған 28 адам анықталып, науқастар саны 87 жетті. Олардың қатарында тері-венерологиялық диспансерінің 15 пациенті мен 4 дәрігері бар. Сондай ақ бүгін облыс әкімі кәсіпкерлермен кездесіп, мейрамханалар мен кафелерге жұмыс істеуге рұқсат берілетін айтты. Бірақ келушілер саны 30 адамнан аспауы тиіс.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу