Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңындағы өртте екі қазақстандық қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңындағы өртте екі қазақстандық қаза тапты

30.04.2020
Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңындағы өртте екі қазақстандық қаза тапты

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңындағы өртте екі қазақстандық қаза тапты.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«29 сәуірде Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт шығып, салдарынан 38 адам қайтыс болды, 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-сының аты-жөні анықталған. Соның ішінде екеуі Қазақстан Республикасының азаматы екені белгілі болды. Біздің Сеулдегі дипломаттар жергілікті билікпен байланыста», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан Инчхон қаласында салынып жатқан төрт қабатты ғимарат өртенді. Жалын бес сағаттан соң сөндірілді. Жергілікті билік өртке құрылыс жұмыстары кезінде уретан жарылуы себеп болған деп санайды.

Хабарламаларға жазылу