Көкшетауда қатты желден зақым келген үйлер әлі жөнделмеген
Көкшетауда 20 күн бұрын дауылдан зақым келген үйлер әлі жөнделмеді. Тіпті қалада дауыл салдарын жою жұмыстары басталған да жоқ. 7-сәуірде соққан қатты жел 200-ге жуық нысанның шатырын зақымдады. Кеше кешке басталып, түнімен жауған жаңбыр жағдайды мүлдем қиындатты. Бірнеше көпқабатты үйдің төбесінен су кеткен. Қабырғаға сыз өтіп, жиһаз бүлінген. Жергілікті билік жөндеу жұмыстарын бірнеше күннен кейін ғана бастайды. Мердігер анықталды. Жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға, сараптамаға уақыт кетті, сондықтан жөндеу жұмыстары кешіккенін айтады мамандар. Алайда, шығын көлемі толық есептелген жоқ. Әлі 116 үйге сараптама жасау қажет.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24