Тұнғыс феномені метеорид салдарынан емес. Ғалымдар жұмбақ апат туралы жаңа пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұнғыс феномені метеорид салдарынан емес. Ғалымдар жұмбақ апат туралы жаңа пікір білдірді

29.04.2020
Тұнғыс феномені метеорид салдарынан емес. Ғалымдар жұмбақ апат туралы жаңа пікір білдірді

Ресейлік ғалымдар Тұнғыс фенменіне қатысты жаңа пікір білдірді. Олардың айтуынша, Сібірдегі жұмбақ апат Жер атмосферасынан өткен темір астероид салдарынан болған.

1908 жылдың 30 маусым күні Сібір даласында адамзат тарихындағы ең құпия апаттардың бірі орын алды. Бір түннің ішінде аспаннан қатты жарық сәуле көрініп, ну орманның 2100 метрі жазық далаға айналды. Арада бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, ғалымдар бұл жағдайдың құпиясын аша алмай келеді. ХХ ғасырда аймақты зерттеген экспедициялық топтар апат метеорид құлауынан болған десе, фантаст жазушылар өзге ғаламшарлықтардың ұшатын аппараты салдарынан дейді. Жақында Красноярск ғылыми орталығыың мамандары жаңа зерттеулер жүргізіп, аталған теорияларды жоққа шығарды.

Ғалымдардың жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Сібір орманына ешқандай космостық зат құламаған. Тұнғыс феномені Жерге өте жақын қашықтықта өткен астероидтың салдарынан болған. Апат орын алған аймақ ғарыштық дененің ең жақын өткен жері болған көрінеді. Соның салдарынан астероидтан тараған толқынды соққылар орманды алқапқа өзгерістер әкелген.

Мамандардың айтуынша, темір астероид Жер атмосферасы арқылы секундына 20 км жылдамдықпен өтіп, Күн орбитасымен жолын жалғастырған.

Дереккөз: Monthly Notices


Хабарламаларға жазылу