Қостанай облысындағы құс фабиркасы жабылып қалуы мүмкін

27.04.2020

Қостанай облысындағы жұмыртқа өндіретін құс фабрикалары құрдымға кетудің алдында тұр. Егер жағдай түзелмесе жыл соңына дейін аймақтағы ірі құс фабиркалары жабылып тынуы мүмкін.

Бұл Рудный қаласындағы «Жас қанат» құс фабрикасы. Қуаты жылына 250 миллион дана жұмыртқа өндіруге жетеді. Өнімі ішкі нарықты қамтып қана қоймай биылға дейін алыс-жақын шетелге де экспортталған. 240 адам еңбек етеді. Қиындық былтыр күзде басталды. Алдымен құрғақшылықтың кесірінен егін шықпай, азық қымбаттады. Одан соң 2020 жылдан мемлекет субсидия төлеуді доғарды. Ал жемнің бағасы тоқтаусыз өсіп барады.

Арқалықтағы фабриканың басшылары әлі де өндіріс көлемін қалыпты жағдайда ұстап тұрғандарын айтады. Ал Рудныйдағы кәсіпорын бастапқы көрсеткішті он процентке төмендеткен. «Тығырықтан шығу үшін мемлекет субсидиясы қайтарылып, баға еркіне жіберілуі тиіс»,- дейді кәсіпорын басшылары. Бұл ұсыныстарын Үкіметке бірнеше рет жолдады. Тіпті жариялы түрде Мемлекет басшысынан да көмек сұраған. Егер жуық арада мәселе шешімін таппаса, кәсіпорындар тоқырап, жүздеген адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу