Қазақстандық ондаған өндіруші компания жабылып қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ондаған өндіруші компания жабылып қалуы мүмкін

15.01.2018

Отандық 44 кәсіпорынның басын біріктіретін «Жасампаз» консорциуымының белсенділері осылай деп мәлімдеді. Олардың сөзінше, бұған «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының аталған бірлестікпен жасаған ұзақ мерзімді келісімін біржақты бұзуы себеп болып отыр.

«Жасампаз» консорциумы 2016 жылы құрылған.  Сол уақытта ұлттық компаниямен 5 жылға қорғаныс күштеріне қажетті киім және өзге де құрал-жабдықтарын дайындау бойынша келісімге отырады. Осыған сенген бизнесмендер екі жылда инфрақұрылымға 15 млрд. теңгеге жуық қаржы тартыпты. Ал, түскен табыс бұның тек жартысын жауып отыр. Жыл басында «Қазақстан инжиниринг»  бұл бірлестікпен келісімшартты бұзған.  Енді мемлекеттік тапсырыс болмаса, кәсіпкерлер қарызға батуы ықтимал.

Келісімді тоқтатуға дәлелді себеп жоқ. Ал, мәселені талқылау үшін оператор «компанияның өкілдерімен байланысу еш мүмкін болмай отыр», - дейді өкпелі кәсіпкерлер.

Азамат Абдрасилов, «Жасампаз» консорциумының заңгері:      

- Құқықтық заңнамалық жағынан алсақ, бізге  шарттың бұзылуы хабарламасы жеткізілген кезде, заңсыз деп табылды. Тек қана осындай баспасөзге шығып жанайқайымызды айтуға мәжбүр болып келдік.

Осыған байланысты сұхбат беруін өтініп «Қазақстан инжинирингке» хабарласқан едік. Олар тек заң шеңберінде әрекет еттік деп  жазбаша жауап қатты.

Шерхан Жамбылұлы:

- Алайда, сәл кейінірек монополияға қарсы мекеме бұл хабарламаны қарастырмай қоя тұру нұсқауын жіберген.  Енді, Ұлттық компания  реттеуші мекеменің соңғы тоқтамына байланысты әрекет  етпек. 

Егерде, бірінші шешім заңды деп табылып, қос тараптың келісімі бұзылған жағдайда  5 мыңға жуық адам нәпақасын тауып отырған өндіріс орындары шатқаяқтап, жұмыс орындары қысқаруы әбден мүмкін.

 Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу