Өскеменде такси жүргізушілері шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде такси жүргізушілері шағымданды

24.04.2020

Өскеменде такси жүргізушілері жұмыс істей алмай жатырмыз деп шағымданды. Олар жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер ретінде көлікпен тәулік бойы жүруге мүмкіндік беретін қызыл түсті рұқсат қағазды сұрап отыр. Ал қазіргі жасыл түсті рұқсатнамаға сай оларға кешкі 9-дан әрі қарай журуге болмайды. Такси жүргізушілерінің айтуынша, қала көшелеріндегі полиция да олардың қозғалысына түрлі желеуді алға тартып, кедергі келтіреді. Жолаушы тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкерлердің пікірінше, өңірлік штабтың таяуда шыққан қаулысын қалалық әкімшілік орындамай отыр.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу