Жедел жәрдем дәрігерлеріне қорғаныш құралдары жеткілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жедел жәрдем дәрігерлеріне қорғаныш құралдары жеткілікті

24.04.2020

Павлодарда коронавирус жұқтырған азаматқа жедел жәрдем бригадасы қорғаныш құралдарынсыз барған деген ақпарат жалған. Кеше Павлодарлық жедел жәрдем жүргізушісі атынан әлеуметтік желілерде «дәрігерлер қорғаныш костюмдерінсіз шақыртуға шығады» деген мәлімет тарады. Облыстық штаб пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті дереу мәселенің мәнісін анықтады. Жедел жәрдем коронвирус жұқтырған адамды инфекциялық ауруханаға жеткізгені рас. Бірақ шақыртуға шыққан бригада арнайы киімнен бастап, барлық қорғаныш құралдарымен жабдықталған болып шықты. Жалған хабарлама таратқан адамның кім екені нақтыланып жатыр.

Болат АМАНБЙ


Хабарламаларға жазылу