Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды - А.Мамин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды - А.Мамин

09.09.2020

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны бола қалған жағдайда қорғаныш заттары мен дәрі-дәрмектің тапшылығы болмайды. Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді. Қазір ауылдық жерлерде сапалы медициналық қызметті қол жетімді ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қажетті құрылғылар мен жедел жәрдем көліктері де жеткілікті мөлшерде сатып алынды. «Қазір әлемде эпидемиологиялық ахуал қайта күрделеніп барады. Сондықтан санитарлық талаптарды толық сақтап, кей шектеу шараларын әлі де сақтаған дұрыс», - деді Асқар Мамин.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 

- Қабылданған шаралардың арқасында коронавируске қатысты жағдай тұрақтанды. Коронавирус инфекциясы мен вирустық пневманияның тәуліктік өсуі 0,5 пайыз шегінде. Бүгінгі таңда осы инфекцияны жұқтырғандар санының 94 пайызы емделіп шықты. Инфекциялық ауруханалардың жүктелуі 15 пайыз ғана. Коронавирусқа байланысты жедел жәрдем шақыру 80 пайызға дейін төмендеді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу