Дәрігерлер елордаға көмекке келіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер елордаға көмекке келіп жатыр

25.03.2020

Нұр-Сұлтан қаласына аймақтардан көмекке дәрігерлер ерікті түрде келіп жатыр. Мәселен, қала аумағындағы блок бекеттердегі қауіпсіздікті қадағалау үшін 78 медицина қызметкері жетті. Олар бақылау жұмыстарын одан әрі ширата түспек.

Басын қатерге тігіп, міндеттерін мүлдіксіз орындауға күш салып жүрген ақ халатты жандарға жұрттың да ықылысы ерекше. Нұр-Сұлтанда тұрғындардың бірі терезелерін ашып, енді бірі банкондарына шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне қошемет көрсетіп жатқаны соның дәлелі болса керек.

Азамат БЕЙБІТұЛЫ


Хабарламаларға жазылу