ШҚО-да қазақ тілін оқытудың жаңа жобасы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да қазақ тілін оқытудың жаңа жобасы жасалды

22.05.2023

Шығыс Қазақстан облысында жазғы каникулда оқушылар мемлекеттік тілді үйренбек. Ол үшін өңірде биыл алғаш рет «Қонақжай отбасы» жобасы жасалды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жобаға қатысуға бүгінге дейін 50 баладан өтінім түскен. Қатысушылар, тек қазақша сөйлейтін отбасыларда 20 күн тұрып, қазақ тілін үйренбек. Жобаға бірқатар ауданда, қалада тұратын балалар тартылады. Балалар баратын әрбір ауылда арнайы штаб жұмыс істейді. Штабтың құрамына полиция мен психологтар және мұғалімдер кіреді. Ал ата-аналар үшін WhatsApp желісінде топ құрылып, күніне екі рет есеп жіберіледі. Бүгінге дейін Катонқарағай ауданында 32 отбасы бала қабылдауға дайын отыр. Бұл жанұяларға облыстық бюджеттен қаржы беріледі.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу