Волейболдан Қазақстанның қыздар құрамасы Жапонияға есе жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волейболдан Қазақстанның қыздар құрамасы Жапонияға есе жіберді

11.07.2014
Волейболдан Қазақстанның қыздар құрамасы Жапонияға есе жіберді

Ресейде волейболдан әйелдер командалары арасында Ельцин Кубогі басталды. Қатысушылар қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Александр Гутордың шәкірттері Жапония құрамасына 3:0 есебімен ұтылып, қарсылас команда жартылай финалға шықты.

Бұл ойында біздің команданың сапынан ең көп ұпайды Сана Анарқұлова жинады. Оның еншісінде 10 ұпай. Жапония ойыншылары арасынан  Юки Иши мен Юкико Эбата өз командасынан 15 ұпайдан әперген.

Бүгін аруларымыз топтық кезеңде Болгария волейболшыларымен күш сынасатын болды. Жартылай финалдық екінші  жолдаманың тағдыры осы кездесуде шешіледі.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу