Елордада дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

22.04.2020

Елордада өрт сөндірушілер қала көшелерін дезинфекциялап жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі кеше өз күшімен Абылайхан және Бауыржан Момышұлы көшелерін дезинфекциялады. Залалсыздандыру жұмыстарына жеке құрамның 35 қызметкері мен 8 арнайы техника жұмылдырылды. Айта кету керек, аталған мекеме карантин режимі енгізілгелі дезинфекция жұмыстарына тұрақты атсалысып келеді.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК




Хабарламаларға жазылу