Елордада масаларды улау жұмысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада масаларды улау жұмысы басталды

16.04.2020

Елордада масалардан зарарсыздандыру жұмысы басталды. Дезинфекциялау таңертең және түнгі уақытта жүргізілуде. Бірінші кезекте жертөлелер, су қоймалары өңделді. Сосын шаһардың ішкі аумақтары, саябақтарда, скверлерде және көшелерде жүргізілмек. Сондай-ақ мектеп, балабақша айналасы, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары мен базарлар, сауда үйлерінің маңына да қажетті дәрілер себілмек. Аталған шаралар маса мен шыбын-шіркейдің қала ішіне қаптауына кедергі болады. Айта өтейік, биыл жәндіктерді зарасыздандыру жоспары қала аумағында 20%-ға, су қоймаларында 25% ұлғайып отыр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу