Елордада 20 миллион шаршы метр аумақ залалсыздандырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 20 миллион шаршы метр аумақ залалсыздандырылды

15.07.2020

Бүгін елордада халық көп жиналатын саябақ, алаңдар мен жағалауларда ауқымды дезинфекциялау жүргізілді. 20 млн шаршы метрдей жер залалсыздандырылды. Оған коммуналдық қызмет пен төтенше жағдай департаментінің өкілдері жұмылдырылған. Санитар-дәрігердің қаулысына сәйкес, сауда орталықтары мен базарлар, басқа да көпшілік жиналатын орын басшылары дезинфекциялауды өздері жүргізуі тиіс. 

Хабарламаларға жазылу