Елордада залалсыздандыру шаралары қызу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада залалсыздандыру шаралары қызу жүріп жатыр

20.03.2020

Елорда да коронавирустың етек жаюына жол бермей, қатердің алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары күшейе түсті. Қаладағы ірі ойын сауық және сауда орындары, әуежай мен вокзалдар, әлеуметтік нысандар арнайы қоспамен өңделіп жатыр.

Бас шаһарда дезинфекция жұмыстары жеті бағыт бойынша жүргізілуде. «Бәйтерек» монументінің маңы, «Нұрлы жол» гүлзары, мешіт, Диагностикалық аурухана сынды халық көп жиналатын орындар әуелгі кезекте тазалануда. Залалсыздандырғыш қоспалар көлемі жеткілікті мөлшерде екені айтады мамандар.

Жекелеген нысандардан бөлек елордадағы көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберіс есіктерін, баспалдақ пен лифтілерін, сүйеніштер мен терезе жақтауларын жуып-шаю жұмыстары да жіті қадағалануда.

Дезинфекциялау шаралары елімізде жарияланған төтенше жағдай алынғанша жалғасатын болады.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу