Елімізде вирус жұқтырғандар саны 2 мыңнан асып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде вирус жұқтырғандар саны 2 мыңнан асып кетті

22.04.2020

Елімізде коронавирусты жұқтырғандардың саны 2 мыңнан асты.

Бір тәулік ішінде елімізде тағы 103 адамнан Covid-19 вирусы анықталды. Дәл қазіргі таңда ел бойынша науқастар саны 2070-ге жетіп отыр. 515 адам аурудан жазылып, үйлеріне қайтарылды. Өкінішке қарай, 19 адам қайтыс болды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу