Елордада карантин тәртібін қадағалау күшейтіледі

09.10.2020

Елордада вирустың екінші толқынына дайындық мәселесі талқыланды. Ережелерді жиі бұзатын нысандар қатарында ойын-сауық мекемелері, қоғамдық тамақтану орындары, караоке, барлар, сауда орталықтары мен базарлар бар. 

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мобильді топтардың жұмысын күшейтуді және кәсіпкерлік субъектілеріне күнделікті түнгі және күндізгі рейдтер жүргізуді, карантинді бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

 Алматы әкімдігі де, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Басты міндет - маска тәртібін, әлеуметтік қашықтықты және жеке гигиена шараларын сақтау. Әсіресе, балалар, егде жастағы және созылмалы аурулары бар адамдарға ерекше қатысты.

Одан бөлек, кәсіпорындарда адамдардың шоғырын азайту үшін ұжымның бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге кеңес береді. Егер карантиндік талаптар сақталмаса, жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш, шағын кәсіпкерлік субъектілерге - 600 мың теңгеден аса, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 310 АЕК, ал ірі кәсіпкерлерге төрт жарым миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Талаптың сақталуын мониторингтік топтар бақыламақ. 

Қуан Нұрақын

коронавирус екінші толқын рейд

Хабарламаларға жазылу