Карантин ережесін бұзатындар саны азаймай тұр

26.08.2020

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында карантин талаптарын бұзған 21 адам жауапқа тартылып, айыппұл салынды. Дүкен, дəмхана, демалыс орындарына тексеріс жүргізген мобильді топ бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Қызмет көрсету орындарының кейбірі санитарлық талаптарды сақтамаған. Ал екі тұрғын тығылып той жасаған. Жаздың соңғы айында туристік өлкеге қыдырып келетіндер көбейген. Сондықтан қазір бақылау, тексеру шаралары күшейді. Мобильді топтар ауданға қарасты ауылдарды да аралап жүр.

Сəкен Сипатуллин, Қарқаралы ауданының бас санитар дəрігері:

- Біраз нысан тексерілді. 21 материал іс-құжаттары дайындалып, 16-на айыппұл салынды.

Елордада да сақтық шараларын елемейтіндер азаймай тұр. Бұл əсіресе, түнде жұмыс істейтін демалыс орындарына қатысты. Соңғы бір айда 600-ден астам заңбұзушылық анықталды. Əсіресе, караоке, диско барлар мен кальян шегетін орындарда адам шектен тыс көп. Дені маскасыз жүр. Ара қашықтық ұмытылған. Талап бойынша дəмханалар түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істеуі тиіс. Бірақ көпшілігі таңға дейін жабылмайды. Осыған орай полиция қызметкерлері алдағы 4 күн бойы «Тəртіп» жедел профилактикалық іс- шарасын өткізбек.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу