Елордада карантин тәртібін қадағалау күшейтіледі

09.10.2020

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты Шымкентте карантин шаралары тағы екі аптаға созылды. Шаһардың бас санитары қол қойған қаулыға сәйкес той-думан, құдалық, мерейтой өткізуге салынған тиым күшінде қалды. Тұрғындар сондай-ақ қазанның 26-на дейін көшеде, көпшілік шоғырланатын жерлерде маска тағуға міндетті. Жасы 65-тен асқандардың сыртта жүріп тұруы шектеледі. Жаңа қаулыдағы өзгеріс бойынша қалада азық-түлік жәрмеңкелерінің жұмысына рұқсат етілген. Жәрмеңкелер сенбі- жексенбі күндері сағат кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді.  

Болат Нұрманов, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:
-Жәрмеңкелерге қойылатын талап - қатаң санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтау. 

Ал, елордада вирустың екінші толқынына дайындық және мобильді топтардың жұмысы талқыланды. Ережелерді жиі бұзатындар қатарында қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары мен базарлар бар. Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мобильді топтардың жұмысын күшейтуді және кәсіпкерлік субъектілеріне рейдтер жүргізуді, карантин талабын бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Алматы әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Маска режимін, әлеуметтік қашықтық пен жеке гигиена шараларын сақтау маңызды. Бұл әсіресе, балалар, егде жастағы және созылмалы ауруы бар адамдарға қатысты. Адамдардың көп жиналуын азайту үшін мекемелерде біршама қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруге кеңес береді. Егер карантин талаптары сақталмаса жеке тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткіш, шағын кәсіпкерлерге - 600 мың теңге, ірі кәсіпкерлерге төрт жарым миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. 

Қуан Нұрақын 

Елорда карантин

Хабарламаларға жазылу