2 миллион 400 мыңнан астам адамға 42 500 теңге жәрдемақы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 миллион 400 мыңнан астам адамға 42 500 теңге жәрдемақы тағайындалды

15.04.2020

Бүгінге дейін көмек алу үшін 4 миллион 700 мыңдай тұрғыннан барлығы 6 миллион 37 мың өтініш түскен. Олардың 2 миллион 400 мыңнан астамына 42 500 теңге тағайындалды. Ал қалған 1 миллион 300 мыңдайы қайталанып келген өтініштер.

 Өтініштер 3 жұмыс күні ішінде қаралады. Аймақтарға келсек, жәрдемақы алу үшін ең көп өтініш Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан, сондай ақ Алматы, Түркістан облыстарынан түскен.

Ал Сыр өңірінде 110 мыңнан аса адамның әлеуметтік жәрдемақыға өтініштері кері қайтарылған. Дегенмен, табыс көзі бола тұра мемлекеттік көмекке қол жеткізгендер де жоқ емес. Жалпы облыс бойынша жәрдемақыны 130 мыңдай тұрғын алады деген болжам жасалып еді. Бірақ, өтініш бергендер саны екі есеге көбейді. 102 мың адам 42 500 теңгені алды. Шын мұқтаж жандарға арналған бағдарламаға қалталы, табысы бар адамдар да қатысып, жәрдемақы алған деректер анықталды. Қазір олардан қаржыны қайтару жұмыстары жүріп жатыр.  

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу