Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты 42 500 теңге төлемі тоқтатылды

11.05.2020

Бүгін төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты 42 500 теңге төлемі тоқтатылды. Бұл туралы сала министрі мәлімдеді. Ал 16-шы сәуірге дейін өтініш беріп үлгерген 4 миллионға жуық тұрғын әлеуметтік қаржылай көмекті екінші айға да алады. Әзірге 2 миллиондай адамға төлем рәсімделген. Қалғанына да міндетті түрде аударылатынын айтты Біржан Нұрымбетов. Осы аралықта 4 миллион 500 мыңнан астам адамға 42 500 теңге тағайындалды. Жалпы сомасы 193 миллиард теңге.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу