Басты Жаңалықтар Республикалық бюджет үш айда 378 миллиард теңге табыстан қағылған

Республикалық бюджет үш айда 378 миллиард теңге табыстан қағылған

Республикалық бюджет үш айда 378 миллиард теңге табыстан қағылған! Бүгін бірінші тоқсанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған Үкімет кейбір салалар бойынша көрсеткіштердің төмендеп кеткенін мәлімдеді. Республикалық бюджетке түсетін кірістің азаюына бірнеше факторлар себеп болып отыр.

Инфляция да өсіп барады. Ұлттық банк төрағасының айтуынша ол 4 пен 6 % шамасында болады деп болжанған еді, іс жүзінде 6,4 пайызға артқан. Десе де өсім жоқ емес. Үш айда ЖІӨ 2,7% ке жоғарлаған. Кейбір салалар да айтарлықтай ілгерілеу бар

Бірақ бұл жеткіліксіз екенін айтады Премьер-Министр. Сондықтан қол астындағыларды қиын-қыстау кезде босаңсымауға шақырды. Министрлер мен аймақ басшылары дағдарысқа қарсы әрекет етуі тиіс екенін айтты Асқар Мамин. Ол үшін қажетті бағдарламалар қабылданған.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Бөлісу