Украинада бір апта бойы өршіген орман өрті сөндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада бір апта бойы өршіген орман өрті сөндірілді

14.04.2020

Украинада бір апта бойы өршіген орман өрті сөндірілді. Бұл туралы Украина мемлекеттік экологиялық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы Егор Фрисов хабарлады. Бұған дейін алапат жалынды сөндіру мүмкін болмай, ол Чернобль атом электр станциясына қауіп төндірген еді. Тілсіз жаумен күреске 400-дей маман, 6 ұшақ пен тікұшақ, 98 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, өртті сөндіруге жаңбыр да септігін тигізді. Дегемен, Гринпис ұйымы бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу