Орман өрті: Техаста 28 шаршы шақырым аумақ өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орман өрті: Техаста 28 шаршы шақырым аумақ өртенді

20.05.2022

АҚШ-тың Техас штатында алапат орман өрті тұтанды. Лапылдаған жалын 28 шаршы шақырым аумақты шарпыған. Жергілікті биліктің мәліметінше, 60 шақты үй өртеніп кеткен. Бейсенбінің түніне қарай өрттің 10 пайызы сөндірілді. Елдің ұлттық ауа-райы қызметі тағы 16 округте от тұтануы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу