Коронавирус балалар арасында дендеп барады

09.04.2020

Өңірлерде коронавирусты жұқтырғандардың саны күн сайын артуда. Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Індетке шалдыққандардың 4-уі ауыр халде. Өңірде 818 адам карантинде. Айта кету керек, олар 1А санатындағы елдерден оралған немесе індетті жұқтырған тұлғалармен байланыста болған.   

Індет балалар арасында да дендеп барады. Маңғыстауда 11 жасар қыз бала да қатерлі инфекция жұқтырды. Ол -Жаңаөзендік әйелдің қызы. Тағы бір науқастың жағдайы ауыр.

Түркістан облысында да вирус жұқтырғандар саны өршіп барады. Бүгінде олардың саны- 34-ке жетті. Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам, оның ішінде бір азамат қайтыс болды. Кентауда - 5, Ордабасыда- 2, Сайрамда - 2, Мақтаралда - 4, Арыста - 6, Сарыағашта - 1 тұрғыны індетке шалдықты.

БҚО-да Ковид 19 вирусы тағы 2 адамнан табылды. Олар Өзбекстан азаматтары. Жүк көлігімен Ресейден Қазақстан арқылы өз елдеріне өтпек болған. Алайда «Сырым» шекара бекетіндегі тексеру кезінде олардан дерт анықталды. Со бойда оқшауланып, Орал қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу