Елімізде қауіпті ВИЧ вирусы дендеп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қауіпті ВИЧ вирусы дендеп барады

18.05.2017

Елімізде қауіпті ВИЧ вирусы дендеп барады. Бұл туралы Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы директорының міндетін атқарушы Айнұр Айыпханова хабарлады. Айтуынша, егер 90-шы жылдары бұл дерт есірткі қолданатын нашақорлар арасында көп кездессе, қазір қарапайым халық әсіресе, жастар арасында кеңінен тараған. Атап айтсақ, 30 мыңнан астам қазақстандық аты жаман жұқпамен тіркеуде тұр. Бүгін дөңгелек үстелде бас қосқан отандық және шетелдік мамандар осы мәселеге екпін қойып, тәжірибелерін ортаға салды. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу