Коронавирустың жаңа түріне COVID-2019 атауы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың жаңа түріне COVID-2019 атауы берілді

12.02.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа COVID-19 деген ат берді. Бұл атаудың қандайда бір географиялық кеңістікке, жануарларға, адамдар тобына ешқандай қатысы жоқ. COVID-19 айтуға жеңіл және оның ғаламды шарпыған ауруға тікелей қатысы бар. Мұны Женевада ұйымның бас директоры Тедрос Абханом Гебрейесус мәлімдеді. 

Оның сөзінше, коронавирус қазір бүкіл әлемге үлкен қауіп төндіріп тұр. Сондықтан бұл инфекцияны өзге вирустармен шатастырмау үшін оған жеке атау қажет. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу