Елдегі туроперторлар азаматтарға 4 миллиардқа жуық ақша қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі туроперторлар азаматтарға 4 миллиардқа жуық ақша қарыз

02.04.2020

Сағымға айналған саяхат. Шет елге жолдама алып қойған қазақстандықтар қазір миллиондарын қайтара алмай жүр. Елдегі туроперторлар клиенттерге 3 миллиард 800 миллион теңге қарыз. Азаматтар саяхаттан қалғаны былай тұрсын, енді қаржысынан қағылуы мүмкін.  

Елімізде қазір 59 туроператор мен 1500 турагенттік бар. Олар клиенттерге 4 миллиардқа жуық теңге қарыз.

Ал салаға жауапты мәдениет және спорт министрі мәселені шешудің жолдарын қарастырып жатқанын айтады.

Әзірге саяхатын алдын ала жоспарлаған азаматтардың ақшасы қашан қайтарылатыны белгісіз. Ал дәл қазір министрлікті елдегі емес, елтен тыс жүргендердің жағдайы алаңдатып отыр. Жалпы, пандемия басталғалы 6 мыңға жуық турист қайтып үлгерген. Олардың 4 мыңын жеткізу үшін арнайы рейс ұйымдастырылған.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу