Халықтың көлік салығына қарызы 30 млрд теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың көлік салығына қарызы 30 млрд теңгеден асты

04.05.2021
0:00:00
0:00:00

Халықтың көлік салығына қарызы 30 млрд теңгеден асты. Бұл елдегі 1 млн-нан аса адамның мемлекет алдындағы борышы. Негізгі қарыз 26 млрд теңгеден көп. Қалған 4 млрд теңгеге жуық - өсімпұлдан есептеліп отыр. Салық төлемегендердің дені Алматы қаласында тұрады. Мегаполистегі 165 мыңнан аса автокөлік иесі 6 млрд теңге қарыз. Кірістер комитеті салық төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін өткен әр күн үшін өсімппұл есептелетінін еске салады. Қарызды «е-Salyq Azamat» қосымшасымен қайтару жеткілікті. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу