Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

27.03.2020

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды. 64 жастағы әйел Ақмола облысына қарасты Қосшы ауылының тұрғыны. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясовтың айтуынша марқұмның өліміне қант диабеті мен тыныс алу жолдарының тарылуы себеп болған. Ал өкпе дертіне коронавирус індеті әкеп соқтырған. 25 наурыз күні таңғы 7-де жағдайы нашарлаған науқас жедел жәрдеммен Ақмола облына қарасты № 2 көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Ол медициналық мекеме Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Кеше таңертең азаматша қайтыс болған. Мамандар зейнеткердің 13-17 наурыз аралығында Алматы және Шу қалаларында қонақта болғанын айтады. Ал дәл қазір марқұм жатқан аурухана карантинге алынды. Отбасы мүшелері де оқшауланды.   


Хабарламаларға жазылу