Өзбекстан 5 күнде коронавирус жұқтырғандарды қабылдайтын аурухана салмақ

26.03.2020
Өзбекстан 5 күнде коронавирус жұқтырғандарды қабылдайтын аурухана салмақ

Өзбекстанның ұлттық телеарнасы коронавирус жұқтырғандарды қабылдайтын 1 мың орындық аурухана салынып жатқанын мәлімдеді. Емдеу мекемесі 5 күннің ішінде пайдалануға берілмек.

Аурухана Ташкент маңында салынып жатыр. Қазір ол жерге ғимарат корпусы тұрғызылып, электр энергиясы, газ, су құбырлары жүйесі тартылуда. 

Сондай-ақ Ташкент маңында осындай тағы екі аурухана ашылмақ.

Қазіргі уақытты Өзбекстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 60-қа жетті.

gazeta.uz

Хабарламаларға жазылу