Түркістан облысында соңғы 23 күнде 23 адам пневмониядан қайтыс болды

25.06.2020

Ал Павлодарда 71 адам өкпеcі қабынып, ауыр халде жатыр. Өңірде пневмония өршіді. Қазір 956 адам ем қабылдап жатыр. Маусым айында 8 адам осы дерттен қайтыс болды. Инфекциялық ауруханаларда орын болмағандықтан, №2-ші кардиологиялық аурухана ішінен 282 орындық провизорлық бөлімше ашылды. №1 қалалық ауруханада жедел респираторлы вирусты жұқтырғандарды емдеуге арналған 200 кереуеттік бөлімше жасақталды. Қазірдің өзінде облысқа шалғай елді мекендерден 30-дан аса дәрігер көмекке келді.

Ал Түркістан облысында соңғы 23 күнде 23 адам пневмониядан қайтыс болды. Өкпесі қабынып ауруханаға түскендер саны 1 мыңға жуықтады. Оның 195-сі сауығып шыққан. Дерттің белең алуына халықтың бейқамдығы себеп екенін айтуда мамандар.

Болат АМАНБАЙ


Хабарламаларға жазылу