Әуежайда қызметтік ит коронавирусты иіскеп анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуежайда қызметтік ит коронавирусты иіскеп анықтады

06.11.2020
Әуежайда қызметтік ит коронавирусты иіскеп анықтады

Хельсинки әуежайына келген жолаушылар арасында коронавирус жұқтырғандарды қызметтік иттердің көмегімен анықтап жатыр. Әзірге сынаққа 16 жануар қатысып жатыр. 

Сынақ барысында жолаушылар майлықпен терісін сүртіп, мамандарға тапсырады. Ал арнайы ыдысқа салынған биоматериалды иттер иіскеп, COVID-19 жұқтырғандарды анықтайды. Егер оң нәтиже көрсетсе, үріп мамандарға белгі береді. Осыдан соң иттер нұсқаған жолаушылар қосымша ПТР тестілеуден өтеді.

Мамандардың айтуынша, коронавирус жұқтырғандарды қызметтік иттермен тексеру жылдам әрі арзанға түседі. Атап айтсақ, иісшіл жануарлар ПТР тестілеуге қарағанда инфекция жұқтырған науқастарды 5 күн бұрын анықтауға көмектеседі екен. 

Жалпы, COVID-19 жұқтырғандарды иттердің көмегімен тексеру әуежай үшін 300 мың еуроға шығады. Бұл ПТР-тестілеуден едәуір арзан.

Дереккөз: lenta.ru, фото: Reuters

птр коронавирус

Хабарламаларға жазылу