Павлодар облысында 800 орындық триаж-орталық пен провизорлық стационар ашылды

02.07.2020

Павлодардағы «Баянтау» спорт кешенінде 150 орындық триаж-орталық іске қосылды. Бұл жедел жәрдем қызметінің жұмысын жеңілдету мақсатында жасалған. Яғни, сырқаттар ауруханаларға емес, алдымен осында жеткізіліп, мамандар нақты диагнозын анықтайды. Ал «Мойылды» шипажайында жағдайы аса ауыр емес науқастар ем қабылдайтын 500 орындық провизорлық аурухана ашылды. Сондай-ақ, Ақсуда да 70 және 80 төсек-орын қойылған емдеу бөлімшелері ашылды. Осылайша бір күнде 800 орындық провизорлық госпиталь дайындалды.

Болат Аманбаев 

Хабарламаларға жазылу