Франциялық хирургтер Елордада шеберлік сыныптарын өткізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциялық хирургтер Елордада шеберлік сыныптарын өткізуде

26.05.2015
Франциялық хирургтер Елордада шеберлік сыныптарын өткізуде

Елордаға Франциядан келген танымал хирургтер шеберлік сыныптарын өткізіп, күрделі төрт операция жасайды.

Бұл туралы «Қазақстандағы Француз хирургиясы күндері» атты ғылыми-практикалық конференцияда айтылды.

Сала мамандары екі күн бойы лапароскопиялық гинекология,  тамырлардың интервенциялық және лапароскопиялық хирургиясының өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, дәрігерлер тамырлық хирургияда, гинекологияда эндоскопиялық операцияларды оңтайландыру жолдарын қарастырды. 

Қазақстандық дәрігерлер операцияны толық 3G форматта бақылап, үйренуде. 

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу