Қытайдан Қазақстанға бір топ дәрігерлер көмекке келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан Қазақстанға бір топ дәрігерлер көмекке келеді

07.04.2020

Қытай біздің елге COVID-19 індетімен күреске көмек ретінде 1 топ дәрігерлерін жібермек. Қытайлық миссия құрамында негізінен короанвирус дертінің алдын алу ісін жетік білетін, ауырғандарды емдеп-жазуда тәжірибесі мол мейіргерлер бар. Көрші елдің тәжірибелі медицина қызметкерлерін елге алдырту Қазақстан тарапының ұсынысы. Естеріңізде болса, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев – Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзипиньмен телефон арқылы сұқбатында коронавирус індетімен күресте өзара қолдау жайын келіскен болатын. Осы келісімінің арқасында қытайлық дәрігерлердің алғашқы легі елімізге 9-шы сәуір күні келетін болды.

Нұрбек БЕКБАУ


Хабарламаларға жазылу