Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы жүйеге қызығушылық танытып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы жүйеге қызығушылық танытып отыр

19.08.2019

Бір топ маман елордаға арнайы келіп, біздің жүйемен танысты. Қазақстанда 2006 жылдан бастап енгізілген аккредитация медициналық көмектің сапасын арттыруға негіз болған. Осы бағытта тәжірибе алмасу үшін қос елдің мамандары ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Енді шетелдік меймандар ауруханалар мен орталықтарды аралап, жұмысымен танысады.

Дәулетхан Есімов, аккредитациялық комиссияның мүшесі:

Оларда аккредитация деген жаңа басталып келе жатыр. Біздің жүйеден үйренері көп деп ойлаймын. Осы салаға қатысты мамандар келіп жатыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу